Ағымдағы жылғы 21-ші мамыр күні Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер А.Таспиховтың сенімді өкілі, аймақтық қоғамдық штаб төрағасының орынбасары Т.Т.Әбілмәжінов М. Жұмабаев ауданының еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді.
Кездесуге ауылдық округтердің әкімдері мен мамандары, ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жұмыспен қамту орталығы, білім бөлімінің қызметкерлерімен ашық алаңда диалог жүргізді.
Кездесу барысында қатысушы қызметкерлер, кәсіподақ мүшелері кандидаттың өмірбаянымен және А.Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасымен танысты. Тұғырнамада қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау, еңбек қауіпсіздігі және еңбек ақы төлеу мәселесі, сонымен қатар еңбек көші-қонының қозғалысы мәселесіне аса назар аударылған. Кездесу соңында барлық қатысушыларға үгіт-насихат материалдары үлестірілді.