Тараз қаласындағы «Әулиеата Транс Пасс» ЖШС-нің еңбек ұжымында Кәсіподақтар Федерациясынан Президент сайлауына кандидат А.Таспиховтың Жамбыл облысындағы сенімді өкілі А.Наурызбаев үгіт-насихат кездесуін өткізді.
Қоғамдық көлік қызметін көрсететін облыс орталығындағы ірі кәсіпорын ұжымына сенімді өкіл өз кандидаттарының өмірбаяны мен еңбек жолын баяндай келе, сайлауалды тұғырнамасын толықтай түсіндірді.
Кәсіподақтар тарапынан сайлауға түскендіктен А.Таспиховтың бағдарламасындағы өзекті мәселе – қарапайым еңбек адамына деген қамқорлық екенін баса айтқан сенімді өкіл алдағы сайлауда енжарлық танытпай, тугелдей қатысуға шақырды.
Кездесу барысында үгіт-насихат материалдары таратылды.