Бүгін, 24 мамырда «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен кездесу өтті.
Кездесуде Жамбыл облыстық қоғамдық штабының төрағасы М. Төлепберген, сенімді өкіл Е. Сатыбалдиев бастауыш кәсіподақ жетекшілеріне ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың өмірбаямен және сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды.
Медицина саласының кәсіподақ жетекшілерінің арасында А. Таспиховтың бағдарламасының негізі болып табылатын қауіпсіз жағдайы, лайықты еңбек ақы төлеу, еңбек адамының құқын қорғау, тегін білім беру мәселелері қызу талқыланып, туындаған сұрақтар бойынша жауаптар беріліп, пікір алысылды.
Жиын соңында бастауыш кәсіподақ ұйым жетекшілеріне әлеуметтік желілерде белсенді болу және өз ұжымдарындағы кәсіподақ мүшелеріне кандидаттың сайлауалды бағдарламасында қамтылған мәселелерді түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу тапсырылды.