Қызылорда облысы «Құрылыс комплексі және ТКШ қызметкерлерінің кәсіподағы» Атқару комитетінің кеңесі өтті

24 мамырда Кәсіподақтар үйі мәжіліс залында Қызылорда облысы “Құрылыс комплексі және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіподағы” атқару комитетінің кеңесі өтті. Кеңес отырысында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ​ А.Таспиховтың сенімді өкілі, салалық кәсіподақ төрағасы Серік Мырзаханов кандидат тұғырнамасында көтерілген мәселелері туралы баяндады.​

Саланың кәсіподақ белсенділері, бастауыш ұйым төрағалары​ көтерілген еңбек қауіпсіздігі заңнамаларына қатысты, кәсіподақтар жұмысының өзегі еңбек құғына қатысты тұғырнаманың мазмұнымен толық келісетіндіктерін жеткізіп, қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.