Үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Маңғыстау облысының Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер А.Таспиховтың сенімді өкілдері облыстың теміржол қызметкерлерімен кездесті.

26 мамыр күні үміткер А. Таспиховтың сенімді өкілдері ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Тұрақты кәсіпорын-тұрақты қоғам, тұрақты ел» ұранымен облыстың теміржол ұжымымен кездесу өткізді.

Матаев Тельман Қамидоллаұлы – Маңғыстау облысының облысының кәсіподақтар орталығының төрағасының орынбасары, Тұрмағанбетов Әзірбай – «Қазақстандық теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ- нің Маңғыстау облыстық ұйымының төрағасы барша қатысушыларға үміткердің өмір жолымен сайлау алдындағы тұғырнамасымен таныстырды.Бағдарламада қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғаудың, еңбек қауіпсіздігі және еңбекке ақы төлеу мәселелері, сондай-ақ еңбек көші-қонының қозғалысы мәселелері қамтылған.Сенімді өкілдер әр мамандық иелерімен әңгімелесті. Оларды мазалайтын сұрақтар мен өтініштерін тыңдап, жауап берді

Жиынға барлығы 50-ден астам адам қатысты және үгіт материалдары таратылды. Кездесу Президенттікке кандидаттың сайлауалды тұғырнамасының қолдауымен іскерлік ахуалда өтті.