Сенімді өкілдер үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда

ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың ​ Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы ​ сенімді өкілдері бірі – Бекхожаева Алия Сейдахметқызы.

Ол кәсіподақтардан ел Президенттігіне ұсынылған Аманкелді Таспиховтың тұғырнамасындағы еңбек адамының жағдайын жақсарту, оның құқығы мен мүддесінің ең басты орынға қойылуы халықтың қолдауына ие болады деп сенеді. ​ Алия Сейдахметқызы Шиелі кенті тұрғындарына кәсіподақтардың қоғамдағы маңызды ролі мен жұмыс қағидаттарын ​ түсіндіре отырып, сайлаушыларды ​ 9 маусымда өтетін Президент сайлауында кәсіподақтар кандидаты А.Таспиховты қолдап, дауыс беруге шақырды