Шалғайдағы ауылдарда үгіт-насихат жүруде

Қызылорданың Арал ауданы ​- облыстың солтүстік-батысында, облыс орталығынан 450 шақырымда орналасқан шеткі аудан. Аудан батысы мен солтүстігінде Ақтөбе облысының Шалқар, Ырғыз аудандарымен, солтүстік-шығысында Қарағанды облысының Ұлытау ауданымен, шығысында облыстың Қазалы ауданымен, оңтүстігінде Қарақалпақ Республикасымен шектеседі. Ауданға қарасты ауылдар ішінде аудан орталығынан 250 шақырымға жуық қашықтықта жатқан елді мекендер бар.

ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың ​ Қызылорда облысының Арал ауданындағы ​ сенімді өкілдерімен үгіт-насихат материалдары Аманаткөл, Ақеспе, Ақбасты, Құланды, Жаңақұрылыс ауылдарына жеткізіліп, үгіт тақталарына ілінді. Үгіт насихат баспа материалдарын ауылдағы пошта, медициналық пунктер қызметкерлері, кәсіподақ белсенділері ауыл тұрғындарына таратуда.