ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың Ақтөбе облысы, Темір ауданындағы сенімді өкілдері насихат жұмыстарын белсенді жүргізуде.
Олар еңбек ұжымдарында, ауыл тұрғындары арасында түсіндіру шараларын өткізумен қатар, ауданның белсенді жастарының атсалысуымен флешмоб ұйымдастырды.
Олар Темір ауданының тұрғындарын 9 маусымда өтетін Президент сайлауына белсенді қатысып, ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховқа қолдау көрсетуге шақырды.