«Mádenıet – máṅgilik» мерекелік шарасы жоғары дәрежеде өткізілді

Өнер және мәдениет қызметкерлері – халықтың асыл қазынасының шырағы. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мәртебесін көтеру, мерейін асыру, рухани-мәдени жасампаздық бәсекелестікті арттыру және қол жеткізген мәдени жетістіктерге құрмет көрсету мақсатында 24 мамыр күні «Жайық жағалауында» мәдениет саласы қызметкерлеріне арналған «Mádenıet máńɡilik» мерекелік шара оздырылды. Шараға жиналған көрермендер «Жұлдыздар аллеясы» арқылы өтіп, қалалық аула клубтары үйірмелерінің соның ішінде сурет, қолөнер шеберлерінің жұмыстарының жарқын сәттерін және қалалық скрипкашылар ансамблінің әуезді өнерлерін тамашалады.

Осы шарада «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм  және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің ҚР Мәдениет және спорт министрі мен Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының Құрмет грамотасы мен  «Еңбек даңқы» төсбелгісімен облыстық халық шығармашылығы орталығының мәдени-демалыстарды ұйымдастыру бөлімінің әдіскері Н.Саинова, Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдерге арналған кітапхананың кітапханашысы А.Айтпаева, Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі М.Бектенов, Қадыр Мырза Али атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының бөлім жетекшісі Ж.Камалова, Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Н.Сәдір, Қадыр Мырза Али атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығы директорының орынбасары Н.Тасболатов, А.Островский атындағы драма театрының бас әкімшісі М.Якшаинова және бір топ мәдениет қызметкерлерін марапаттады.

Думанды мереке сазды әуен, көңілді би кешімен жалғасын тапты.