Бүгін Тараз қаласының №5 емханасында Президенттікке кандидат А.Таспиховтың Жамбыл облыстық қоғамдық штабының мүшесі, сенімді өкіл Е.Сатыбалдиев еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Сенімді өкіл А.Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасында қаралған мәселелерді талқыға салды. Ондағы көтерілген басты мәселелер еңбек адамына қатысты болғандықтан тұғырнама көпшіліктің көңілінен шықты. Жиында Е.Сатыбалдиев алдағы сайлауда азаматтық белсенділік танытуға шақырды және үгіт материалдарын таратты.