МҰНАЙ БАЙЛАНЫСШЫЛАРЫ – КӘСІПОДАҚТАРМЕН БІРГЕ!

2019 жылдың 27 мамырында “Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы” РКБ-нен ұсынылған, Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Таспихов Аманкелді Сатыбалдыұлының сенімді тұлғалары «Мұнайтелеком»ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Сенім білдірілген тұлға – Матаев Тельман Қамидоллаұлы, Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары өз сөзінде Қазақстан Республикасы Президенттігінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы тіркеген үміткерлердің құрамы туралы, Қазақстан Республикасы кәсіподақтары Федерациясынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховты ұсынуы туралы айтып өтті.

Сенімді тұлға, «Мұнайтелеком»ЖШС-нің жергілікті қызметкерлерінің кәсіподағының төрағасы Сарсенбаев Мейрамбай кәсіпорын қызметкерлерін үміткер А.С. Таспиховтың өмірбаянымен және сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды. Кездесу барысында,үміткер бағдарламасында көрсетілген ұсыныстар еңбек адамы, оның өмірі, денсаулығы мен әл-ауқаты басты назарда болуына бағытталғанын, қызметкерлердің мүдделері мен құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ҚРКФ-ның қызметі туралы айтып өтті.

Кездесу барысында қатысушыларға үгіт баспа материалдары таратылды. Жалпы кездесуге 70-ке жуық адам қатысты. Өз кезегінде «Мұнайтелеком»ЖШС қызметкерлері үміткерге табыс тілеп, алдағы сайлауға қатысуға тілек білдірді.