Бүгін Түркістан қаласында ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың Түркістан облыстық штабының отырысы өтті. Штабтың ұйымдастыруымен өткен жиынға Түркістан облысының білім және ғылым қызметкерлерінің, Мәдениет, спорт және ақпарат саласы, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподақ төрағалары мен аудандық штаб басшылары қатысты. Онда штаб басшысы Берік Бекжанов сөз сөйлеп, аймақтық қоғамдық штабтың атқарған жұмыстарын баяндады. Басқосуда сайлау қарсаңындағы желілік кестеге сай ұйымдастырылатын іс-шаралар тізбегін талқыланып, алдағы іс-жоспарлар ой елегінен өтті.