Мәдениет – елдің ең басты рухани байлығы, асыл мұрасы. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік болады. Ал халық даналығы «Өнер – ұлттың жаны», – дейді. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады. Бүгін, ҚР Президенттігіне үміткер А.Таспиховтың сенімді өкілдері маңғаз Маңғыстаудың өнерімен тарихының дамуына зор үлесін қосып жатырған мәдениет қызметкерлерімен кездесті. Кездесу облыстық салалық мәдениет қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрағасы, үміткердің сенімді өкілі Н.Мұқановтың қолдауымен, Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрында өтті. Кездесуге шамамен 150-дей адам қатысты. Іс-шара барысында, сенімді өкіл, еңбек ардагері Даулетов Марат Мұғалімұлы қатысушыларды ҚР Президенттігіне үміткер А.Таспиховтың өмірбаянымен таныстырды. Қатысушылар үміткердің өмір баянымен танысқаннан кейін, А.Таспиховтың аймақтық қоғамдық штабының жетекшісі, облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Киікбай Мыңбайұлы Жаулин: «Егер адамның тәнін дәрігерлер емдейтін болса, жанына сіздер дәрусіздер. Адамның ішкі тұғырының биік болуына, өмірде кездесетін өтпелі қиындықтарға төтеп бере алатын мәдениетті азамат болып қалыптасуына сіздердің еңбектеріңіз зор» – деп, алдымен барша қатысушыларды өткен мерекелерімен құттықтап, ҚР Президенттігіне үміткер А.Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасымен таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы бөлімге тоқталып, сенімді тұлға үгіт-насихат жұмысын қалай жүргізу керектігін түсіндіріп, бірқатар сұрақтарға жауап берді. Сенім білдірілген тұлға өз сөзінің соңында барлық қызметкерлерді кәсіподаққа яғни, біздің кандидатқа дауыс беруге шақырды. Себебі, «КӘСІПОДАҚТАРДЫҢ КҮШІ-БІРЛІКТЕ!».