Павлодар облысында Аманкелді Таспиховты қолдау мақсатында үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховты қолдау үшін брошюралар тарату және үгіт материалдарын жапсыру жұмыстары жалғасуда.

Жас белсенділер, аймақтық қоғамдық сайлауалды штабының волонтерлері облыстың қалалары мен аудандарының тұрғындарына кәсіподақтар Федерациясынан кандидаттың бағдарламасын жеткізіп, оның сайлауалды тұғырнамасының негіздерін түсіндірді.Іс-шара барысында барлығы 300 буклет пен флаерлер таратылды, сондай-ақ рұқсат етілген орындарға 180 плакат жапсырылды.