Бүгін 29 мамырда Жуалы аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі ұжымында сайлауалды насихат жұмыстары жалғасын тапты.
Кездесуде ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың сенімді өкілі Н. Маликов ұжым қызметкерлеріне кандидаттың өмірбаянымен және сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды.
Кандидаттың сайлауалды тұғырнамасындағы жауапсыз жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру, лайықты еңбекақы төлеу, еңбек миграциясын реттеу мәселелері және бүгінгі күнге Кәсіподақтар федерациясының жаңашыл бастамалары сайлаушылардың колдауын тапты.