“Жастар. Кәсіподақ. Сайлау” тақырыбында өткен форум қатысушылары резолюция – қарар қабылдады.
Форумға атсалысқан қыз-жігіттер резолюцияда өздерінің азаматтық ұстанымдарын ашық білдіріп, елімізде жүргізіліп жатқан жастар саясаты туралы пайымдарын жеткізді. Пікірлерінше, жастар саясаты бәсекеге қабілетті адами капиталды қалыптастырудың басты тетігі ретінде қарастырылуы керек. Белсенді жастар қоғамдық санаға белсенді өмірлік ұстанымдарды енгізу – ел ертеңі – жас буынды қалыптастырудағы басты темірқазық болуы тиіс санайды.
Тек замандастарының мәселесіне ғана алаңдап қоймайтын жас буын кәсіподақ ұйымдарының қызметі, мүддесі мен мүмкіндіктері үшін басты назарда екенін аңғартты. Кәсіподақтың белсенді жастарын біліктілікті арттыра отырып, түрлі деңгейдегі сайлауларда – саяси додаларда белсенді болуға, сайланбалы, уәкілетті органдарға кәсіподақ атынан тіркелген кандидаттарды қос қолмен қолдауға, кәсіподақтың қым-қуыт қайнап жатқан белсенді өміріне атсалысуға, жастарды кәсіподақ қозғалысын дамытуға бағытталған өзекті мәселелерді шешуде бел шеше белсенділік танытуға шақырды.
Резолюция – қарар мәтіні:
«Жастар. Кәсіподақ. Сайлау».
Біз осындай атаумен Шымкентте өткен форум қатысушылары, жастар саясаты бәсекеге қабілетті адами капиталды қалыптастырудың басты тетігі ретінде қарастырылуы керек деп есептейміз. Қоғамдық санаға белсенді өмірлік ұстанымдарды енгізу – ел ертеңі – жас буынды қалыптастырудағы басты темірқазық болуы тиіс.
Форумды қорыта келе, біз мынадай шешімдерге келдік
– Бізді, кәсіподақ жастарын тек замандастарымыздың ғана мәселелері алаңдатып қоймайды. Кәсіподақ ұйымдарының қызметі, мүддесі мен мүмкіндіктері біз үшін басты назарда!
– Біз кәсіподақтың белсенді жастарын біліктілікті арттыра отырып, түрлі деңгейдегі сайлауларда – саяси додаларда белсенді болуға шақырамыз.
– Кәсіподақтың саясат сахнасынан тыс қалуы тіпті мүмкін емес! Біз еліміздегі өзге партиялармен қоян-қолтық әріптестік орната отырып, өзге ұйымдардың көлеңкесінде қалмай, өз ұстанымдарымызды нық сақтап қаламыз.
– Мемлекеттік және жергілікті билік органдарына кәсіподақ атынан тіркелген кандидаттарды қос қолмен қолдауға,
– Біз жастарды кәсіподақтың қым-қуыт қайнап жатқан белсенді өміріне атсалысуға,
– Біз жастарды кәсіподақ қозғалысын дамытуға бағытталған өзекті мәселелерді шешуде бел шеше белсенділік танытуға шақырамыз.
ЕҢБЕК,ҚҰҚЫҚ,БІРЛІК!КӘСІПОДАҚ ЖҮРЕГІ!ҚОҒАМ, ЖІГЕР, ШЫНДЫҚҚАЗАҚСТАН ТІРЕГІ!