ЕМХАНА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың Қызылорда облысы бойынша өңірлік штаб басшысы, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Серік Сермағамбетовтың №6 емхана ұжымымен кездесуі өтті.

Кездесуде С.Сермағамбетов ұжымды ағымдағы жылы 9 маусымда өтетін Қазақстан Республикасы Президенті сайлауына белсенді қатысуға шақырды.

Кәсіподақтар ұсынған кандидат Аманкелді Таспиховтың өмірбаяны мен тұғырнамасымен таныстырды. Емхана ұжымын кандидат тұғырнамасындағы лайықты еңбекақы тезисі ерекше қызықтырды, кәсіподақ мүшелерімен тезисте көрсетілген бюджеттік сала қызметкерлерінің базалық еңбекақысын төменгі еңбекақы мөлшеріне дейін жеткізу, барлық жұмыскерлердің еңбекақысын көтеру талаптары салада өзекті екендігі айтылды.

Кандидаттың тұғырнамасымен танысқан емхана қызметкерлері кандидаттың көтеріп отырған еңбек саласының түйткілді мәселелері кеңінен талқыланды. Қызметкерлер алдағы елдің басынан өтер тарихи сәтте белсенділік танытатындықтарын, өз таңдауларын жасайтындықтарын жеткізді.