БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың Маңғыстау облыстық қоғамдық штабының мүшелері білім және ғылым жүйесі өкілдерімен кездесті. Атап айтқанда, сенімді өкілдер күннің бірінші жартысында Маңғыстау облыстық энергетикалық колледжінің ұжымымен ал, екінші жартысында Ақтау қалалық технологиялық қызмет көрсету колледжінің еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Оған облыстық қоғамдық штабының мүшесі, кәсіподақтар орталығы басшысының орынбасары Тельман Матаев пен білім және ғылым қызметкерлерінің  салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымының төрайымы Тарбия Баймбетова қатысып, сөз сөйледі.

Т.Анайбековна жиналғандарды еңбек жолын Алматы ауыр машина жасау зауытында инженер-технолог болып бастаған Аманкелді Таспиховтың өмірбаянымен таныстырды. Қатысушылар үміткердің өмірбаянымен танысқаннан кейін, Т.Матаев үміткердің тұғырнамасымен таныстырып, оның тұғырнамасы түсінікті және қарапайым еңбек адамдарына жақын екендігін, ҚР Президенттігіне үміткер белсенді өмірлік ұстанымен және адамдардың әлеуметтік жағдайларын күшейтуге деген құштарлығымен ерекшеленетіндігін айтып өтті.

Кездесуге қатысқан колледждің еңбек ұжымы, кәсіподақ белсенділерімен колледж комитетінің төрағалары Аманкелді Таспиховтың кандидатурасын қолдады.

Облыстық кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары Тельман Матаев еліміздің тарихында тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Президенттігіне кәсіподақтар Федерациясы кандидат ұсынғанын және бұл бастаманы қолдағанымыз жөн екендігін атап өтті.

Кездесуге 120-дан астам адам қатысып, барлығы Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Аманкелді ТАСПИХОВТЫҢ сайлауалды бағдарламасын бірауыздан қолдады.