Сайлау науқаны барысында Нұр-Сұлтан қаласының кәсіподақ орталығы мүшелері Ақкөл қаласының іргесінде орналасқан балаларға арналған “Арман” дене шынықтыру және сауықтыру орталығында болды.
Мұнда елордалық орта мектептер арасында “Туристік жиын” өтті. Кәсіподақ мүшелері мұғалімдер мен оқушылар арасында үгіт-насихат жұмыстарын атқарып, кәсіподақтан шыққан ҚР Президенттігіне үміткер Аманкелді Таспиховқа қолдау көрсетуге шақырды.
Жиналған қауым кандидат А.Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасына қызығушылық танытып, қолдау көрсететіндерін айтты. Бұл – Тастанбек Есентаев бастаған елордалық аумақтық қоғамдық штабтың кезекті сайлауалды үгіт-насихат акциясы.