АРАЛГАЗ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

30 мамырда ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың Қызылорда облысы бойынша өңірлік штаб басшысы, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Серік Сермағамбетов “АралГаз” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі еңбек ұжымымен кездесті. ​

Кәсіпорын қазірде 169 адамды жұмыспен қамтып отыр. Кездесуде С.Сермағамбетов ұжымды кәсіподақтардан ҚР Президенттігіне ұсынылған кандидат Аманкелді Таспиховтың өмірбаяны мен тұғырнамасымен таныстырды. Кәсіподақтар қозғалысы, жұмыс бағыттары, қазіргі таңдағы кәсіподақтар міндеттері мен мақсаттары түсіндірілді.

Сонымен қатар, кездесу барысында С.Сермағамбетов кәсіпорын жұмыскерлеріне кәсіподақ ұйымын құру туралы ұсыныстарын білдіріп, оның құрылу тәртібі, жұмысы, заң талаптары туралы да ақпараттармен бөлісті. Кәсіпорын басшылығы мен жұмыскерлер кәсіподақ ұйымын құру туралы және «YNTYMAQ» орта және кіші бизнес жұмыскерлерінің қазақстандық салалық​ кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі ​ мүшелік ұйымы ретінде кіруі жайлы ұсыныстарға қызығушылық танытты.

Президенттікке үміткер А.Таспиховтың тұғырнамасындағы еңбек қатынастары бойынша қойылған талаптарды жұмыскерлер дұрыс көтерілген деп санайтындықтарын айтып, кандидаттың сайлауалды тұғырнамасына қолдау білдірді. Кездесуге 40 жұмыскер қатысты, қатысушыларға үгіт-насихат материалдары таратылды