ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДАҒЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

30 мамырда Қызылорда облысының ​ Қазалы аудандық оқушылар үйі қызметкерлері арасында ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілі, облыстық ауылшаруашылық салалық кәсіподағы төрағасының орынбасары Берік Бисембаев сайлауалды үгіт-насихат жүргізді.

​ Б.Бисембаев қатысушыларға Аманкелді Таспиховтың өмірбаяны мен тұғырнамасын таныстырып өтті. ​ Пікіралмасу нәтижесінде кәсіподақтар кандидаты А.Таспиховтың тұғырнамасындағы бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын көтеру, еңбек қауіпсіздігін сақтау шараларын күшейту, жастардың сапалы және тегін білім алуы мәселерінің көтерілуі жайлары қызметкерлердің оң көзқарастарына ие болып, кандидатқа сенімін туындатты. Кездесуде үгіт-насихат материалдары таратылды.