30 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты Қалжан Ахун ауылында ауыл тұрғындарымен және ауылда орналасқан № 126 орта мектептің ұжымымен А.Таспиховтың сенімді өкілдерінің сайлауалды үгіт-насихат кездесуі өтті.
ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың сенімді өкілі Серік Мырзаханов мектеп ұжымына кәсіподақтардан ұсынылған кандидаттың өмірбаянын таныстырып, сайлауалды тұғырнамасында көтерілген еңбек мәселелерін баяндады. Мектеп ұжымы тұғырнама бойынша оң пікірлерін білдірді, сайлау күні сайлауға белсенді қатысатындықтарын жеткізді. Кездесулерде үгіт-насихат материалдарымен 30-дан астам адам қамтылды.