31 мамырда Қызылорда облысы Қазалы ауданы орталығы Әйтеке би кентінде орналасқан №170 орта мектепте А.Таспиховтың сенімді өкілдерінің, аудандық сайлауалды қоғамдық штаб мүшелерінің қатысуымен кездесу өтті.
Кездесуде ел Президенттігіне үміткер Аманкелді Таспиховтың тұғырнамасы таныстырылып, еңбек ұжымының ой пікірлері тыңдалды. Мектептегі кәсіподақ мүшелерін кандидат тұғырнамасында көтерілген еңбек адамының лайықты жалақы алуы, еңбек нарығына қажетті мамандардың тегін білім алуы, жұмысшылардың еңбек құқығын қорғау мәселелері қызықтырып, талқыланды.
Кездесуге 15 адам қатысты, қатысушыларға үгіт материалдары таратылды.