Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдері үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізуде

Хромтау қаласында өткен аудан активімен кездесу барысында сенімді өкіл М.Сағындыкова ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасымен таныстырып, биылғы Президент сайлауына кәсіподақтардың қатысу себебін және қоғамдық штабтың жұмысы туралы айтып берді.

А.Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасындағы лайықты еңбекақы, қауіпсіз еңбек жағдайы, жұмысшылардың еңбек құқын қамтамасыз ету, еңбек миграциясын реттеу сынды басым бағыттарына ерекше тоқталып өткен қатысушылардың сауалдарына да жауап берді.

ҚР Кәсіподақтар федерациясы ұсынған кандидаттың сайлауалды тұғырнамасының еңбек адамының құқығы мен мүддесін қорғаудағы әлеуметтік-қоғамдық маңызы зор екендігін жеткізген сенімді өкіл қатысушыларды сайлауда белсенділік танытуға шақырды.