ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА А.ТАСПИХОВТЫ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА САЙЛАУАЛДЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҮРГІЗУ ЖАЛҒАСУДА

2019 жылдың 31 мамыр күні кандидат А. Таспиховтың сенімді өкілдері амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық орталық ауруханасында кездесу өткізді.

Кездесуге облыстық мәслихат депутаты, облыстық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Байназарова Райкүл Мансұрқызы, аудандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Шерғазин Владимир қатысты.

Кездесуге қатысушылар кандидаттың өмірбаянымен жан-жақты танысып, А.Таспиховтың сайлауалды бағдарламасы баяндалды. Бағдарламада қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғаудың, еңбек қауіпсіздігі және еңбекке ақы төлеу мәселелері, сондай-ақ еңбек көші-қонының қозғалысы мәселелері қамтылған.

Кездесу соңында барлық қатысушыларға үгіт-насихат өнімдерінің даналары таратылды.