Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары С.Т. Даулеталин, «YNTYMAQ» салалық кәсіподағының төрағасы Қ. Жанабеков салалық кәсіподағы облыстық филиалының белсенділерімен кездесу өткізді.
Кездесуде бастауыш кәсіподақтар жұмысымен танысып, әлеуметтік әріптестік, кәсіподақ мүшелерінің санын көбейту сұрақтары қарастырылды.
«YNTYMAQ» – бұл сауда, кооперация, қызмет көрсету, тауар өндіру және кәсіпкерлік қызметтің басқа салалары, кәсіпорындар, мекемелер мен орта және шағын бизнес ұйымдары, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, білім беру, кәсіпкерлерлік және инновациялық қызмет саласы қызметкерлерінің бірінші сандық тәуелсіз одағы, мұнда адамдар өз мүдделерін ұйымшылдықпен білдіру үшін және өз құқықтарын ұжымдық қорғау үшін біріккен.
«YNTYMAQ» Қазақстандық орта және шағын бизнес қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы болып Бекгалыев Садуақас сайланды.
Бекгалыев Садуақас 1971 жылы дүниеге келген, «Бұрғылау» ЖШС жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы қоғамдық бірлестігі төрағасы болып табылады. Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласының дамуына көп жылдық мінсіз еңбегі және елеулі үлес қосқан.
“Жаңа төрағаның тәжірибесі оған жүктелген міндеттерді орындауға мүмкіндік беретініне сенімдімін”, – деді «YNTYMAQ» салалық кәсіподағының төрағасы Жанабеков Қайрат Құттыбайұлы.