Бүгін түстен кейін Жамбыл ауданының мәдениет үйінде ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың Жамбыл облысы бойынша қоғамдық штабының мүшесі және сенімді өкілі Жамбыл облысы, Байзақ аудандық Орталық аурухана ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесуге 100-ден астам сайлаушы қатысты.
Кездесуде А. Таспиховтың сенімді өкілі Е. Сатыбалдиев сайлаудың саяси маңызын атап көрсете келе кандидаттың өмірбаянымен және сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды.
Тұрғырнамада көрсетілген өзекті мәселелермен пікір алысылды. Еңбек адамы және құқын қорғау өркениетті елдің белгісі. Қазақстан кәсіподақтарының қоғамдағы белсенді және оның өміріміздегі алатын орны ой арқауына негіз болды.
Жиын соңында кандидаттың аудандағы өкілдерінің отырысы болды, сайлаушыларға үгіт -насихат материалдары таратылды.