ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша қоғамдық аймақтық штабының мүшелері сайлауалды шараларын қызу жалғастыруда. “Мемлекеттік, банк және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы”қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалы және Шымкент қалалық филиалының төрайымы, ҚР Президенттігіне үміткер А.С.Таспиxовтың сенімді өкілі Күлдар Есебаева Түркістан облыстық Мемлекеттік мұрағатының кызметкерлерімен кездесіп насиxат жұмысын жүргізді.
Үміткер А.Таспиxовтың сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен және өмірбаянымен таныстырды. Кездесу барысында кәсіподақ қызметі турасында да келелі әңгіме болды. Қауіпсіз еңбек жағдайы, жауапсыз жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру бойынша үміткер ұсыныстарын ортаға салды. Тұғырнамаға сүйене келе үміткердің сенімді өкілі еңбек адамдарына лайықты еңбекақы төленумен бірге олар үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын да жасау өте маңызды шарт болып табылады деді.
Өйткені, адамның өмірі мен денсаулығынан артық ештеңе жоқ. Сондай-ақ сенімді өкіл алдағы сайлаудың халықтың болашағы үшін өте маңызды екенін ескеріп, бірауыздан сайлаудан тыс қалмай дауыс беруге шақырды.