3 маусымда ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың сайлауалды Қызылорда аймақтық штабының отырысы өтті. Оған облыстық сайлауалды штаб мүшелері, эксперттік пул мүшелері, сенімді өкілдер, бақылаушылар қатысты.
Штаб отырысын штаб басшысы Серік Сермағамбетов жүргізіп, сайлау алды үгіт жұмыстарын күшейту, 8 маусым тыныштық күніндегі сайлау заңы ережелерін сақтау, сайлау күнгі бақылаушылардың жұмысын ұйымдастыру мәселелерін ортаға салды.
Штабтың эксперттік пулы мүшелері, аудандарға бекітілген жауапты салалық кәсіподақ төрағалары аудандар бойынша туралы ақпараттар берді. Штаб отырысының күн тәртібінде негізгі мәселе болып сайлауда бақылаушылар жұмысын ұйымдастыру мәселелесі қаралып, талқыланды.