Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерекесіне орай дәстүрлі оқу жылының қортындысы бойынша 2019 жылдың 5 маусым күні «Ұстаз мерейі – кәсіподақ жемісі» тақырыбында салтанатты шара өтті.
Салтанатты шара барысында 150-ден астам білім және ғылым қызметкерлері ҚР Білім және ғылым минстрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен және грамотасымен, Кәсіподақтар Федерциясының «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің«Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айырықша еңбегі үшін» және «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төс белгілерімен, 5 әлеуметтік серіктес Құрмет грамоталармен және облыстық кәсіподақ есебінен республика шипажайларында демалу Сертификаттарымен марапатталды.
Сонымен қатар, салтанатты шарада арнайы шақырылып, қатысқан Қазақстан Республикасы Президентігіне үміткер Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдерікандидаттың сайлауалды тұғырнамасы өзекті мәселелерді қозғайтынын, өздерінің кандидатты қолдайтынын айтып, сайлауда кандидатқа дауыс беруге шақырды.
Өз тарапынан ұстаздар Кәсіподақтар Федерациясынана ұсынылып отырған кандидат Амакелді Таспиховті қолдап, дауыс беретіндерін білдірді.