Қызылорда облысы АКБ Үйлестіру Кеңесінің отырысы өткізілді

Үйлестіру Кеңесінің отырысы барысында аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Серік Сермағамбетов 2019 жылғы 12 маусымда өткен Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы Бас Кеңесі отырысында қаралған мәселелерді, атап айтқанда, ​ Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлау нәтижесі және Қазақстан Республикасы кәсіподақтар​ Федерациясының Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелерді қозғады.

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарында белсенділік танытқан аймақтық​ ​ штаб мүшелері мен эксперттік пул мүшелеріне алғыс айтып, сайлауға кандидат ұсынудағы кәсіподақтардың басты мақсаты – жұмысшылардың мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстардың жүйелі жалғастырылатындықтарын атап өтті. Кеңес отырысының күн тәртібі бойынша Ұжымдық шарттарға төмен жалақы алатын жұмыскерлердің жалақысын көтеру мәселесі бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды.