БІЗ БАРЛЫҚ ҚИЫНДЫҚТАРДЫ БІРГЕ ЖЕҢЕМІЗ!

Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғындарына шұғыл көмек көрсету мәселелері бойынша Қарағанды облысының Салалық кәсіподақтар аумақтық құрылымдарының Үйлестіру Кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті.

Қарағанды облысы Кәсіподақ Орталығының төрағасы Болат Жұмабеков Үйлестіру Кеңесінің мүшелерін Түркістан облысының Арыс қаласында әскери қоймалардағы снарядтардың жарылуы мен жануына байланысты төтенше жағдайлар жөніндегі 2019 жылдың 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайымның үндеуімен таныстырды.

Үйлестіру Кеңесінің мүшелері, Салалық кәсіподақтардың аумақтық құрылымдарының төрағалары үндеуді қолдап, бір күндік жалақыларын Түркістан облысының зардап шеккен тұрғындарына есеп айырысу шотына аудару туралы шешім қабылдады. Отырысқа қатысушылар Қарағанды облысының бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен еңбек ұжымдарына тиісті үндеу жолдады.