Түркістан облысы Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайдан зардап шеккендерге көмек қолын созып, қолдау жасау жалғасуда. Қызылорда облысы кәсіподақтары да апатты жағдай зардабына бей-жай қалған жоқ, облыстың кәсіподақ ұйымдары қызметкерлері бір күндік жалақыларын Арыс қаласының халқына көмек көрсету қорына аударды.
Солардың қатарында, аймақтағы ірі мұнай компанияларының бірі «Қазгермұнай» біріккен кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәсіподақ ұйымы тарапынан көмек қорына 1 миллион теңге қаражат аударылды.