САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ТӨРАҒАСЫ «ӘСКЕРИ ҚҰРЫЛЫС ЮГ» КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Ағымдағы жылдың 17 шілде күні Шымкент қаласында Түркістан облысы филиалының «Әскери құрылыс Астана» мүшелік ұйымының ғимаратында Арыс қаласында орын алған жағдайға байланысты арнайы жиналыс өтті.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше орын алған күні салалық кәсіподақтың  атқару комитетінің шұғыл отырысы болып, тез арада әр облыстан қаржылай көмекке қаражат жиналатыны туралы шешім қабылданған болатын. Жиналған қаржы, Арыс қаласында болған төтенше жағдайдан зардап шеккен, біздің салалық кәсіподақ мүшелеріне, төрағаның  қатысуымен қолма-қол жүзеге асырылатыны туралы екі жақты келісім хат негізінде, жиналыс 17 шілде күні 16.00-ге бекітілен болатын.

Аталған жиналысқа Құрылыс комплексі және ТКШ қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Құсейін Шамшаұлы, Түркістан облысы филиалының төрағасы Манахов Абдурайра, Қызылорда облысы филиалының төрағасы Серік Мырзаханұлы және өз кезегінде «Әскери Құрылыс Астана» ұйымының басшылығы және ұйым қызметкерлері, оның ішінде Арыс жағдайынан зардап шеккен азаматтар және «Әскери құрылыс Юг» кәсіподағының мүшелері жиналды. Ұйым басшылығы салалық кәсіподақтың көрсеткен көмегіне үлкен алғыс білдіре отырып, жасалып жатқан көмектің жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Төраға Құсейін Шамшаұлы басшылыққа қаржыны, ұжым алдында табыстап, кадр бөлімінің басшысы Қайратбек Тастанбекұлы ұжым атынан алғысын білдірді. Өз кезегінде жиналыс, салалық кәсіподақ төрағасының белсенді жұмысшыларды арнайы марапаттауына ұласты.