Кәсіподақ өкілдері үшін қарапайым еңбек адамының құқы қандай қымбат болса, жұмыс берушінің де мүддесі де сондай маңызды. Бұл тұста таразы басын тең ұстай білетін “Түркістан облысы, Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің басшылығы қос тарапқа алтын көпір орнатып келеді. Еңбеккерге де, жұмыс берушіге де тиімді әрі ыңғайлы еңбек қатынастарының сақталуын қамтамасыз ететін кәсіподақ өкілдерінің жұмысшыға да, жұмыс берушіге есігі айқара ашық болатыны да осыдан.
Бірлестік басшысы Берік Бекжанов пен салалық кәсіподақ және бірлестік жанынан ашылған “Татуластыру орталығы” медиаторлары «Жаса 4» ЖШС директоры Жұмабек Исмаиловтың арызын қарады. Бұл жиынға жұмыс берушінің мәселесін тыңғылықты әрі шұғыл түрде шешу үшін ұйымдастырушылар барлық жауапты тараптарды түгел шақырды. Шымкент қаласының көші-қон және енбек инспекциясы басқармасының, Шымкент қаласы жұмыспен қамту орталығының, салалық кәсіподақ өкілдерін басын қосып, қала тазалығы мен көріктендіруді қамтамассыз ететін мекеме басшысының мұң-мұқтажын ортаға салды. Жұмыс берушінің айтуына қарағанда, мекеме тұрақты жұмыс күшіне зәру. Жұмысшы жетіспеушілігі еліміздегі ең мұқтаж әрі көп балалы отбасыларға тиесілі атаулы әлеуметтік көмек беріле басталғалы тіпті ушығып кеткен.
Себебі, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, тұрмысын түзеу үшін берілетін жәрдемақыға иек артқандар масылдыққа бой алдыруда. Жәрдемақы берілер тұста бірден 20 жұмысшысынан айрылған мекеме басшылығы қазір осынау тұрақсыздықтан қызмет алушы халықтың тарапынан арыз-шағымдар көбейіп отырғанын да жасырмады. Бұл тұрақсыздықтың түптен келгенде еңбек дауларына себеп болатыны жасырын емес дейді жауаптылар. Себебі, жұмысқа құлықсыз еңбеккерлер жалақы талап етуге келгенде барлық құзырлы органдарға түрлі арыз-шағымдар түсіріп, жұмыс берушілерді әуре-сарсаңға салатын көрінеді. Бұл жағдай әсіресе қаланы көріктендіру, абаттандыруға жұмылдырылған мердігер мекемелерге тән екенін де жұмысберушілер жасырмайды.
Барлық мәселені татуласу, ымыраласу жолымен шешуді ұсынған бірлестік төрағасы Берік Бекжанов медиаторлардың араласуымен және медиативті еңбек шартын түзу арқылы шиеленістерді оңай әрі сотқа жеткізбей шешуге жұмысшыны да жұмыс берушіне де үйрететін кезеңнің туғанын жеткізді. Еңбек қатынастарындағы жағдайды егжей-тегжейлі сарапқа салған кәсіподақ өкілдері мен басқарма басшылары, медиаторлар тек жұмыс берушінің ғана емес, жұмысшының мүддесін де назардан тыс қалдырмады. Себебі, мәселені кешенді түрде шешу үшін еңбеккердің де құқы ескерілуі қажет екенін ескерткен бірлестік төрағасы Берік Бекжанов жұмысшы жалақысының еңбекке лайықты болуын қамтамассыз етуді де ескертті.
Бұл ретте Берік Айдарбекұлы мемлекеттік тапсырыс конкурсын ұйымдастыру барысында жұмыс берушілердің еңбекақы мәселесі мен жұмысшының жұмысқа деген белсенділігін арттыратын жәйттердің жан-жақты ескерілуі қажеттігін де алға тартты. Бірлестік төрағасы еңбек қатынастарындағы тұрақсызды жоюда лайықты жалақы мен еңбеккердің жұмысқа деген белсендігілін арттырудағы сыйақы тағайындау мәселелерін қамтамассыз етуді назарда ұстау қажет екенін де жеткізді. Еңбек қатынастарынан туындап отырған шиеленістерді сараптай келе Берік Бекжанов бұл мәселені жұмыс тобын құру арқылы шешуді ұсынды. Бірлестік төрағасының бастамасы таратаптардан қолдау тапты. Жұмыс тобына кәсіподақ, Шымкент қаласының көші-қон және енбек инспекциясы басқармасының, Шымкент қаласы жұмыспен қамту орталығының өкілдері жұмылдырылады. Осылайша “Түркістан облысы, Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің басшылығы жергілікті жұмысшылар мен жұмыс берушілер күн сайын бетпе-бет келіп жатқан күрделіліктерді кешенді түрде шешілуін қамтамасыз етті.