Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясы 2018 жылғы 14 ақпаннан бастап 8 наурызға дейін акция жариялады: Жұмыс орындарында жыныстық белгілері бойынша зорлық-зомбылықты жоюға арналған 23 күн акциясына қосылыңыз!
ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ
Бүгінде әйелдер мен ер адамдардың еңбек әлемінде зорлық-зомбылыққа және қуалауға жиі ұшырауы өткір мәселелердің бірі болып табылады. Осы орайда қоғамдағы және жұмыстағы тең құқықсыз жағдай мен биліктік қатынастар әйелдердің зорлық-зомбылыққа және қуалауға жиі тап болуына әкеледі.
Гендерлік зорлық-зомбылыққа еңбеккерлер құқығының бұзылуы ретінде жөнді көңіл бөлінбей келеді. Статистикаға сүйенсек, дүние жүзі бойынша 818 миллион әйелдердің ішінде 15 жастан асқандарының 35% өз үйінде, қоғамда немесе жұмыс орнында сексуалды немесе физикалық зорлық-зомбылыққа тап болған.
КАМПАНИЯ МАҚСАТТАРЫ
- «Еңбек әлемінде әйелдер мен ер адамдардың зорлық-зомбылыққа және қуалауға ұшырауы» тақырыбындағы Ұсыныспен бірге ХЕҰ Конвенциясын қабылдау үшін аса маңызды қолдауды әзірлеу. Бұл ретте гендерлік зорлық-зомбылыққа аса назар аударылады;
- Еңбек саласында жыныс белгілері бойынша зорлық-зомбылықты жою үшін кәсіподақ қызметтерін жұмылдыру және күшейту.