Мұхтар Тінікеев Қарағанды облысы кәсіподақтар активімен кездесті

15 ақпанда ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының орынбасары Мұхтар Тінікеев Қарағанды облысындағы Салалық кәсіподақтардың аумақтық құрылымының төрағаларымен кездесті.

Кездесу аясында 2018-2019 жылдарға арналған ҚР Кәсіподақтар федерациясының жаңғыру жол картасына байланысты іс-шараларды жүзеге асыру барысы талқыланды. Осы шара «Заманауи кезеңдегі кәсіподақтардың рөлі мен орны туралы» жалпыұлттық пікір алмасу форматында өтті.

Мұхтар Тінікеев кәсіподақ көшбасшыларын салалардағы жұмысты жетілдіруге, ұжым мүшелерінің кәсіподаққа деген сенімін күшейтуге, еңбек адамына байланысты әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде ой-пікірлерін ашық білдіруге шақырды.

Сондай-ақ, Қарағанды облысы әкімі, облыстық жұмысшылар бірлестігі, кәсіпкерлер және жұмыс берушілер бірлестігі арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған Келісім жобасына кәсіподақ активтерін және әлеуметтік серіктестіктерді оқыту, Қазақстан кәсіподақтары күніне арналған іс-шаралар жиыны мәселелерін енгізуге арналған ұсыныстар қарастырылды.

Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығының төрағасы Болат Жұмабеков кәсіподақ активіне Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығының төрағасы орынбасары Абай Сабденовты және «Жеке кәсіпкерлік қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қарағанды филиалы төрағасының орынбасары Валерия Громовты таныстырды.