Спорт күніне орай Қызылордалық жастар арасында «Street Workout» турнирі өтті

Шара облыстық кәсіподақтардың Келешек жастар кеңесінің бастамасымен облыстық​ Жастар орталығы және “Ашық Азаматтық Қоғам” ақпараттық-ресурстық орталығы қолдауымен ​ ұйымдастырылды.
Орталық ​ арбат жанындағы спорт алаңқайына болған сайысқа 30-ға жуық жас қатысты.Жарыс барысында еркін стиль яғни фристайл, белтемірменжәне сырықтағы жаттығу ,​ қосымша салмақты беліне байлап тартылу, кеудені жерден көтеру кезеңдері бойыншажастар бақ сынасты.​ Жүйріктер анықталып, жарыс нәтижесімен ​ жеңімпаздар марапатталды.

Қала жұртшылығы алдында Street Workout бойынша Қазақстандағы​ танымал спортшы Айтым Жакупов командасы өнер көрсетіп, жастардың бұл спорт түріне деген қызығушылықтарын арттырды.

Қоғамда бұқаралық спортты​ насихаттау, спортпен шұғылдануға жастарды шақыру мақсатындағы Спорт күніндегі мерекеден әрбір жас зор ынтамен, жақсы көңіл күймен тарқасты.