2019 жылдың 22 тамыз күні «Мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Х.Жақыпов Батыс Қазақстан облысындағы іс-сапарында облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы «Мектепке жол» акциясы аясында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көп балалы аналарымен кездесті.
Кездесу барысында 5 бастауыш кәсіподақ ұйымының 10 кәсіподақ мүшесінің балаларына мектепке қажет оқу құрал жабдықтары табыстады.
Алдағы уақытта облыстық кәсіподақ ұйымы осы шараны жалғастырып, 13 бастауыш кәсіподақ ұйымының жағдайы төмен көп балалы отбасыларына көмек береді.