Бүгін, Тәуелсіздік тірегі – Ата заңы күнімен, Қазақстан мұнайының 120 жылдығына және Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күніне орай Ақтөбе облысының мұнай-газ өнеркәсібінің қызметкерлері АО «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның спорттық алаңында бас қосып, 12 спорт түрінен өтетін жыл сайыңғы спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.
Аталған шараға Ақтөбе облысы Кәсіподақтар Орталығының төрағасы А.Әмірғалиев, облыс әкімінің орынбасары, кәсіпорын басшыларымен, кәсіподақ төрағалары қатысты.
Әлеуметтік бағдарлама мен қоғамдық өмірдің басым бағыттарының бірі қызметкерлердің салауатты өмір салтын қалыптастыру болып қала береді. Сондықтан жарқын спартакиадаға тек кәсіпорын қызметкерлері ғана емес, олардың отбасылары да қатысып, барлығы 700 ден астам адам жарысатын болады.
Кәсіподақтар орталығының төрағасы А.Әмірғалиев өзінің құттықтау сөзінде компания басшыларына қызметкерлердің әлеуметтік құқықтары мен кепілдіктерін қолдағаны және жұмыс ұжымы арасында бұқаралық спортты насихаттағаны үшін алғысын білдіріп, сондай-ақ жарысқа қатысушыларды Қазақстан Республикасының Ата заңы күнімен және мұнай-газ кешені қызметкерлері күнімен құттықтап, қатысушыларға сәттілік, адал күрес және жоғары спорттық рух тіледі.
Сонымен қатар А.Әмірғалиев мұнай-газ кешеннің дамуына өз еңбегімен зор үлес қосқан және өндірістік қызметінің әртүрлі түрлерінде жоғары тиімділікпен ерекшеленетін компания қызметкерлерін түрлі белгілермен марапаттады.
Спартакиада қызметкерлер арасында денсаулықты нығайтуды нақты насихаттауға, ұжымның бірлігін қалыптастыруға, корпоративтік спорттық дәстүрлер мен байланыстарды сақтауға және дамытуға мүмкіндік береді.