Еңбекті заңдастыру мәселесі бойынша баспасөз конференциясы өтті

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалында бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру бойынша комиссиясы мүшелері қатысуымен ​ баспасөз конференциясы өтті. БАҚ өкілдерімен кездескен комиссия мүшелері еңбекті заңдастыру бойынша облыс көлемінде жүргізілген жұмыстар барысы туралы ақпараттармен бөлісті.

Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы С.Сермағамбетов әлеуметтік әріптестермен жарияланған «Еңбек шартын жасаңыздар!» республикалық акциясы аясында облыс кәсіподақтарымен еңбек ұжымдарында, ұйымдарда түсіндірме жұмыстар үздіксіз жүргізілуде екендігін айтты. Еңбек қатынастарын заңдастырудың азаматтардың одан әрі зейнетақымен қамсыздандыру және медициналық сақтандыру жүйелеріне қатысуы мүмкіндігі тұрғысынан қажеттілігі мен маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, баспасөз конференциясына қатысушыларды Кәсіподақтар үйі ғимаратында ақпараттық парақшалармен «Сенім жәшігі» орналастырылып, аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен еңбек инспекциясының «Жедел желі» телефондары жұмыс жасайтындығы туралы хабардар етті.