“Шымкент қаласы кәсіподақтар ортьалығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің салалық кәсіподақтары аумақтық құрылымдары өкілдерінің Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысында бекітілген «Кәсіподақтар күні» мерекесіне арналған айлық іс-шара жоспарына сәйкес, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық және Шымкент қалалық филиалының 10 қазан – «Қазақстан Кәсіподақтары күні» мерекесі қарсаңында «Еңбек қатынастарын реттеудегі кәсіподақтардың рөлі» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған жиында филиал төрайымы К.Есебаева «Еңбек қатынастарын реттеудегі кәсіподақтардың рөлі» тақырыбында және «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б.Бекжанов «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының жаңғыру жол картасын жүзеге асыру туралы» хабарламалар жасады.
Дөңгелек үстелде Сарыағаш аудандық комитеттің төрағасы Ш.Ешанкулов «Кәсіподақ – жаңару мен жаңғыру жолында» және Мақтарал аудандық кәсіподақ комитеттің төрағасы К.Хаметов «Кәсіподақ кеше және бүгін» тақырыптарында сөз қозғады.
Шымкент қаласындағы Өмірбек Жолдасбеков атындағы мектеп – лицейдің 11 сынып оқушысы А.Өмірбекова өлең шумақтарымен өз құттықтауын жеткізді.
Жиын соңында кәсіподақ ардагері Досыбай Шерімқұлов ұйымдастырушыларға құрмет көрсеткендері үшін шынайы алғысын білдірді.