«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің салалық кәсіподақтары аумақтық құрылымдары өкілдерінің Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысында бекітілген «Кәсіподақтар күні» мерекесіне арналған айлық іс-шара жоспарына сәйкес, Шымкент қаласындағы “ЛТД Тұрмыс” коммуналдық мекемесі қызметкерлерінің арасында кіші футболдан арнайы турнир өтті.
Бұл спорттық шараның ашылуында “Құрылыс комплексі жəне тұрғын үй, коммуналдық – шаруашылыық қызметкерлерінің салалық кəсіподағының” Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалының төрағасы Абдурайра Манахов құттықтау сөз сөйлеп, барша қатысушы командаға сəттілік тілеп, спорттың денсаулыққа өте зор пайдасы барын атап өтті.
Жарысқа жалпы 6 команда қатысып, жүлделі орын үшін сайысқа түсті. Қатысушы командалар бір-бірінен мықтылығын көрсетіп, қорытындысы бойынша 1-орынға ие болған “АСАР” командасы, 2-орынға ие болған “ИРРИГАЦИЯ” командасы, 3-орынға ие болған “КӨГАЛДАНДЫРУ” командасы жеңіс тұғырынан көрінді. Жеңімпаз команда мүшелері кәсіподақ ұйымының «Алғыс хатымен» және арнайы сыйлықтарымен марапатталды.
«Кəсіподақ күніне» ұйымдастырылып жатқан спорттық іс -шаралар бұдан əрі Түркістан, Жетісай, Мақтарал аудандарында жалғасын таппақ.