2019 жылдың 19 қазан күні Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар Орталығының төрайымы А.Есекенова «Мұнай-газ кешені салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы С. Қалиевпен кездесті.
Кездесуге КПО б.в. қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының және «Батыс» мұнай-газ кешені және қызмет көрсету компанияларының жергілікті кәсіптік одағы төрағалары мен қызметкерлері қатынасты.
Кездесуде облыстағы мұнай газ секторындағы жұмысшылардың еңбек жағдайлары және аталған сала қатарын кәсіподақ ұйымдарымен толықтыру мәселелері талқыланды.