Медиатор медицина қызметкерлерімен кездесті

   Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар Орталығының жанындағы Татуласу орталығының жетекшісі Зәуреш Шатикованың және «Қазақстандық «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Орал қалалық №1 емханада кездесу өтті. Кездесуге ұжымның 30 астам қызметкерлері қатысып, облыстағы медиация және дауларды соттан тыс реттеу тетіктері бойынша ақпараттар алды. Сонымен қатар Зәуреш Шатикова қатысушыларды Татуласу орталығының міндеттерімен таныстырды.

Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар Орталығының жанындағы Татуласу орталығының негізгі мақсаты – ол кәсіподақ мүшелерінің арасындағы еңбек дауларын, басқа да жанжал жағдаяттарын сотқа дейін реттеу қызметтерін ұсыну болып табылады.