Бүгін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ғимаратында республикалық Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында облыстағы кәсіподақ басшыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Ералы Тоғжанов кәсіподақ пен еңбек ұжымдарындағы мәселелерге тоқталды. Ал өз кезегінде жиынға қатысушылар жұмыс орындарындағы мәселелерді көтеріп, өздерінің талап-тілектерін жеткізді. Сонымен қатар, жиында өңірдегі мұнай саласы қызметкерлерінің мәселелері көтерілді. Ауқымды мәселелер үш жақты комиссия отырысында жан-жақты қаралатын болады. Жиын соңында республикалық Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов басқосуға қатысушыларға «Маңғыстау Медиа» ЖШС директоры Айсұлу Дутбаеваны таныстырып өтті. Қазір баспасөзге жазылу науқаны жүріп жатқанын айрықша атап, облыстық, аудандық газеттерге қарқынды жазылуға шақырды.