“Senim” кәсіподағының Алматы облыстық филиалының жаңа төрағасы сайланды

Ағымдағы жылы “Senim” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының сайлау Конференциясы өтті. Конференцияға республикалық қоғамдық бірлестіктің төрағасы С. Дүйсенов қатысып, “Алматы облысының кәсіподақтар орталығы” АКБ төрағасы Ә. Қыдырманов төрағалық етті.

Күн тәртібінде Алматы облысы филиалының төрағасын сайлау, филиалдың тексеру комиссиясын сайлау, филиал кеңесін құру туралы сұрақтар қаралды. Сондай-ақ, өткен жылдан бері облыста жұмыс жасап келе жатқан филиалдың жұмысы талқыланды.

Конференция қорытындысы бойынша дауыс беру арқылы “Senim” денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалы төрағасы болып А.А. Исаев сайланды. Сонымен қатар, тексеру комиссиясы 3 адамнан сайланып, 7 адамнан тұратын кеңес құрылды.