Өз ісінің үздіктері марапатталды

Бүгін Оралда Еңбек күніне арналған “Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы” облыстық Форумы өткізілді.

Осы шара барысында “Еңбек жолы” облыстық конкурсының жеңімпаздары марапатталды. Форумның басты мақсаты – Елбасының Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясы аясында, Еңбек адамының авторитетін жоғарылату, еңбек өнімділігін ынталандыру, жұмыскерлер кәсіптерін насихаттау, жастарды өндіріс саласына тарту, көпжылдық еңбек әулеттері салтын сақтау болып табылады.

Форумда “Жастардың үздік жетекшісі”, “Үздік жас өндіріс маманы”, “Еңбек әулеті” және т.б. аталымдар бойынша үздіктер марапатталды. Шараға мекеме басшылары, белсенді жұмыскерлер, кәсіподақ мүшелері қатысты.