2019 жылдың 15 қараша күні ҚР Энергетика министірлігі жанындағы салалық комиссия кестесіне сәйкес әлеуметтік әріптестер мен мұнай-газ саласы ұйымдарының басын қосқан «Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік» тақырыбында көшпелі семинар өтті.
Жиынға облыстық еңбек инспекциясының басшысы А.Айтуев, Қазақстандық мұнай-газ кешені салалық кәсіподағының төрағасы С.Қалиев, кәсіподақ жетекшілері, ҚР Энергетика министірлігі өкілдері және аймақтағы мұнай-газ саласындағы ұйымдардың басшылары қатысты.
Басқосуда «КазМұнайГаз» ҰК АҚ әлеуметтік істер департаментінің директоры Е. Рахимбергенов «Компаниялар тобындағы жүргізіліп отырған әлеуметтік саясат» тақырыбында және С. Қалиев Мұнай-газ кешені кәсіподақ ұйымдарындағы әлеуметтік әріптестіктің барысы туралы ақпараттар берді.
Сонымен қатар БҚО Кәсіподақтар Орталығының төрайымы «Әлеуметтік әріптестіктегі кәсіподақтың рөлі» тақырыбында баяндамасын оқып, қатысушыларға кәсіподақтың және ұжымдық шарттардың маңызы туралы кеңінен түсіндірді.