Шымкент қаласында Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жоғары медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның бітіруші курс студенттері, яғни, болашақ жас мамандар үшін «Еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігін және техника қауіпсіздігін сақтау туралы», сондай-ақ «Кәсіподақ қозғалысы туралы» тақырыбында кездесу-семинар өтті.
Кездесуге «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Әуесханов Серік Елемесұлы, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің кәсіптік одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент филиалы төрағасының орынбасары Оңалбеков Қобыланбек Түлкібекұлы, Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жоғары медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Булдырыкова Айнұр Қожахметқызы және колледждің бітіруші курсының 500-ге жуық студенттері қатысты.
Кездесу жиынын «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің кәсіптік одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент филиалы төрағасының орынбасары Қ.Оңалбеков жүргізіп отырды.
Шара барысында кәсіподақ белсенділері С.Әуесханов пен Қ.Оңалбеков еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігін және техника қауіпсіздігін сақтау мәселелеріне мән беру, Түркістан облысында және Шымкент қаласында орын алған өндірістік жазатайым оқиғалар жөнінде, оның ішінде денсаулық сақтау саласында орын алған оқиғалар туралы нақты мысалдар, еңбек шартын және ұжымдық шарт жасасудың түпкі негізі – жұмыскердің құқын қорғау және әлеуметтік жағдайын жасауға бағытталғаны, ол үшін кәсіподақ ұйымын құру мен кәсіподақ мүшесіне кіру қажеттілігі жөнінде өмірден алынған нақты мысалдармен кеңінен түсіндіріліп, наситтау жұмыстары жүргізілді және болашақ маман иелерін қауіпсіз еңбек жағдайында жұмыс жасау үшін Еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі сабақтарын жақсы оқуға шақырды.
Қатысушы студенттер мен жұмыскерлер берген сұрақтарына тұшымды жауаптар алып, кең көлемді ақпарат бергені үшін кәсіподақ белсенділеріне шынайы алғыстарын білдірді.